Лос-Анджелестегі (АҚШ) Staples Center аренасында болған кездесу екі минуттан сегіз раундқа созылды. Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс тең түсті. "Аңыздар шайқасы" деп аталған шоуда WBC арнайы белбеуін ешкім алған жоқ. Айта кетейік, бұған дейін нокаут болмаса, жекпе-жек жеңімпазы анықталмайтыны хабарланған болатын.
Тайсон жекпе-жекті қарқынды бастады, ал Джонс алғашқы раундта әрекет етуге асықпады, бір жойқын соққы тигізіп те алды.
Екінші раундта Тайсон қысым көрсетуді жалғастырды. Кіші Рой Джонс та бірнеше дәл соққы жасай алғанмен, келесі раундтар Тайсонның басымдығымен өтті. Бірақ төрешілер күтпеген шешім шығарып, екі спортшыны тең түсірді. Тайсонның соңғы кездесуі 2005 жылы, ал Джонстікі 2018 жылы болғанын айта кеткен жөн.
Еске салайық, Калифорнияның Атлетикалық комиссиясы боксшылар көп ақша жинауы үшін бұрын-соңды болмаған қадамдарға барды: ардагерлерге шлемсіз жұдырықтасуға, тіпті жеңімпазды анықтауға рұқсат берді, арнайы титул да тігілді.
Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы жекпе-жек төрешілердің қатысуымен толыққанды сегіз раундтық форматта өтетіні хабарланған болатын.
54 жастағы Тайсон соңғы рет 2005 жылы рингке шыққан. Ол карьерасында 58 жекпе-жек өткізіп, оның 50-ін жеңіспен, 44-ін нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ, ол алты жеңіліс тауып, екі жекпе-жек сәтсіз деп танылған.
2,5 жыл ғана рингке шықпаған 51 жастағы Джонстың активінде 66 жеңіс бар, оның 47-сі нокаутпен аяқталған және тоғыз рет жеңілген.
#тайсон #джонсрой #жекпе-жек #спорт #дода #бокс