Марадонамен қоштасу рәсімі президент сарайында өткен. Кумирін соңғы сапарға шығарып салуға жиналғандар ғимаратқа кезекпен кірген. Алайда кейінірек аңызға айналған футболшымен қоштасу жергілікті уақыт бойынша 16:00-де аяқталатыны анықталды. Сосын сарайдың кіреберісінде тәртіпсіздіктер басталған: полиция мен Марадона фанаттары арасында қақтығыс болған.
Бұдан кейін билік Марадонаның денесі қойылған мәйітті президент сарайындағы залдан алып кетті.
"Қаупісіздікті сақтау үшін табыт залдан шығарылды, сарайдың ішкі залдарынан фанаттар шығып кетпейінше осындай шешім жасалды", - деп хабарлады жергілікті телеарна тілшілері.
Аргентинаның ішкі істер министрі Вадо де Педро қақтығысқа Буэнос-Айрес билігі кінәлі деп, күш қолдануды тоқтатуды талап етті.
"Орасио Ларетту (мэр) мен Диего Сантильяны (вице-мэр) қала полициясының бассыздығын тоқтатуға шақырамыз", - деп жазды ІІМ басшысы Twitter-де.
Infobae порталының мәліметінше, тәртіпсіздік кезінде тоғыз адам ұсталған.
Аңыз футболшы 25 қарашада жүрек талмасынан қайтыс болған.
Атақты футболшы 60 жаста еді. Марадона 25 қарашада, сәрсенбіде таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.000-да) Буэнос-Айрестегі Нордельт ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшы өлімінің себебі - инфаркт. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.
#марадонадиего #аргентина #жерлеу #қоштасу #тәртіпсіздік