USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қырғыздар мен өзбектер шекарада қақтығысты

  • 01.июня.2020, 11:30,
  • 436

31 мамыр күні Қырғызстанның Баткен облысының Өзбекстанмен шекаралас жерінде 10 адам арасында қақтығыс болды.

Бұл қақтығысқа екі ауыл тұрғындары Чечме ауылындағы су көзі себеп болған. Тараптардың бірі су көзі өздеріне тиесілі екенін айтып, нәтижесінде дау шығып, қақтығысқа ұласқан. Ауыл тұрғындары бір-біріне тас лақтырған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алғандар бар.

Оқиға орнына жергілікті билік өкілдері келіп, қақтығысты тоқтату мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізген.


Қырғызстанның вице-премьері Акрам Мадумаров қырғызстандықтар мен өзбекстандықтар арасында қақтығыс болғанын растады.


"Жыл сайын екі ауылдың тұрғындары су көзін тазарту жұмыстарын жүргізеді. Бұл жолы белгісіз себептермен олардың арасында дау шығып, бір-біріне тас лақтырған. Жергілікті биліктегілер олармен сөйлесіп жатыр. Бұл су көзін екі ауыл қолданғандықтан мұндай дау жиі болып тұрады. Жағдайдың ушығуына жол бермейміз", - дейді Акрам Мадумаров.


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері шекарада болған қақтығыстан 15 адамның зардап шеккенін хабарлады.


Өзбекстанда тұратын тәжік журналисі Мирасрор Фаргони "Ахбор" басылымына берген сұхбатында Сох ауданының орталық ауруханасына 146 адам жеткізілген.

скачать dle 12.0
Фото авторы : azattyk.org
Тағы да оқыңыздар:
08.05.2020
13.02.2020
10.01.2020
18.09.2019
16.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031