USD 541.01
EUR 640.34
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ургант "Грэммиге" ұсынылған Иманбекпен сөйлесті

  • 26.қараша.2020, 12:37,
  • 535

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) "Вечерний Ургант" бағдарламасына берген сұхбатында "Грэмми" номинациясы туралы қалай білгенін айтты.

Еске салайық, қазақстандықтың Roses SAINt JHN композициясы "Грэмми" (Grammy) сыйлығына ұсынылды. Осылайша Иманбек "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды. 

Музыкань "Грэммиге" үміткерлердің тізімі жарияланған күні күні бойы қалада жұмыстарымен жүріп, кешке жазылушыларымен тікелей эфирге шыққанын айтты. Сол кезде олар Иманбекке қуанышты жаңалықты хабарлаған.

"Көрермендер маған жаза бастады. Алдымен сенбедім. Мен таңғалдым!", - деді ол.

Бұдан бөлек, сұхбатта Иван Ургант қазақстандықты жеңісімен құттықтап, Леонид Агутиннің әндерінің біріне ремикс жазуды ұсынды.

Айта кетейік, қазақстандықтың ремиксі YouTube хостингінде 117 миллионнан аса қаралым жинады. Ремикс Apple Music-тің топ ондығына кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан аса қаралды.

Сыйлықты тапсыру салтанаты 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді.   


#иманбек #гремми #ремикс #ургант #музыка 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.10.2020
16.10.2020
11.10.2020
14.11.2019
05.09.2019
"Беслан. Ұмытпа" - желіні шулатқан туынды

2 қыркүйек күні YouTube сұхбаттары миллион көрермен жинап жатқан Юрий Дудь "Беслан. Ұмытпа" фильмін жариялады. Ресейлік журналист командасымен 2004 жылы басып алынған мектеп жайлы деректі туынды түсірді.

ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930