Осыдан 15 жыл бұрын 1 қыркүйек күні лаңкестер Беслан қалалық №1 мектепті басып алды. Сусыз, тамақсыз қалған мыңнан астам адам үш күн бойы тұтқында болды. Үстерінен жарылыс құрылғылары ілінген. 334 адам мерт болды, оның 186-сы - бүлдіршіндер.
Тұтқыннан аман қалған адамдар өмірін баяндаған фильм желіде бірінші орынға жайғасып, тоғыз миллион көрініс жинады.
"Ресейлік ютюбта көрген ең тамаша видео. Көз жасымды тоқтата алмадым", "Өміріме өкінген кезім болса, кешір көр, Алла", - деп жазды тебіренген көрермендер.
Туынды көрермендер ғана емес, қатысушы адамдардың да өмірін күрт өзгертті. Күлгін гүлдер сатушысы Марина Дучконың тауырын екі күннің ішінде сыпырып алды. Ал Instagram-дағы оқырмандар саны 100 есе көбейді.
"Көмегіңізге, қолдау сөздеріңізге үлкен алғыс айтамын. Аталмыш 3 қыркүйек күні болған жайт ешқашан қайталанбасын", - деп жазды ол.