Жүздеген адам Джеймс Макпитерсон атындағы алаңға жиналды: бір жағынан адамдар CNN телеарнасын үлкен экраннан қарап тұр, екінші жақтан музыка қосылған жүк көлігі тұр. Бірнеше сағат бұрын бұл көлік белсенділер мен полиция арасындағы жанжалға себеп болған.
Басылым мәліметінше, құқыққорғаушылар жақын жерде ештеңеге араласпай, қадағалап тұр. Ақ үй айналасындағы көшелер бірнеше кварталға дейін жабық, полицейлер айналаны велосипедпен патрульдеуге көшкен. Төбеде тікұшақ ұшып жүр. Жалпы қаладағы жағдай тыныш.
Вашингтонда сайлау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, бизнес нысандары уақытша жабылды. Нью-Йоркте наразылық шарасы болуы мүмкін дегенге белсене дайындалып жатыр.
Вашингтонда еріктілер Ақ үйдің маңында наразылық білдірушілерге полициямен өзара әрекет ету қағидаларын түсіндіріп жатыр: қолды ашық ұстау, бірден қозғалмау, офицерді ұстауға немесе оған дауыс көтеруге болмайды, алайда видеоға түсіруге болады.
Ақ үйдің маңында жадынама таратып жатыр. Сайлау басталатын күнге қараған түнде ол жерге екі жүзге жуық адам жиналды. Оларға өздерімен бірге 100 доллар және үш күнге жететін дәрілерін алып жүруге кеңес берілді. Бұлар тұтқындалып жатса керек болуы мүмкін.
Баласы бар белсенділерге алдын ала ескерту жасалып, күтуші табуға кеңес берілді. Телефонға пароль қойып, қорғаушының, отбасы мүшелерінің немесе құқыққорғаушылардың нөмірін жазып алу керек. АҚШ-тың азаматтығы жоқ тұлғаларға көші-қон қызметінің телефонын есте сақтау керегі айтылды.
Сондай-ақ офицерлер қызмет ететін бөлімшелер мен олардың белгілерінің айырмашылықтары туралы ақпарат берілді.
#ақш #сайлау #трамп #байден #президент