Айда Гезгин есімді қыз үйінді астында 90 сағаттан аса уақыт жатқан. Ол кір жуғыш машинаның жанында қыстырылып қалған.
"Алдымен мен оның даусын естідім де басқа құтқарушыларға хабарладым. Оған жақындай келе есімін сұрап, құл бұлғауын өтіндім. Ол қолын көтерді", - дейді Нусрет Аксой есімді құтқарушы.
Айда Измирде үйінді астынан құтқарылған 109-шы адам. Дәрігердің айтуынша, оның жағдайы қанағаттанарлық.
"Айда өзін жақсы сезінеді, қазір оған томография жасалады. Үйінді астында қалып қойған анасын әлі де іздестіріп жатырмыз. Құтқарушылардың айтуынша, ол Айда жатқан маңайда болуы мүмкін. Оқиға анасы жуыну бөлмесінде жүрген кезде болған сияқты. Екі сағаттан кейін оларға хабарласа алғанымызбен артынша ұялы телефоны сөніп қалды", - дейді Айданың ағасы Аныл Джандан.
Еске салайық, 30 қазанда Түркияда 6.6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр - Измир провинциясының Сеферихисар қаласы. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 76 адам қаза тапқан. Көптеген адам баспанасыз қалған. Жер сілкінісі салдарынан Измирдегі 20-дан аса ғимарат зардап шеккен.
#түркия #сілкініс #измир #тж #апат #айда #бүлдіршін