USD 508.3
EUR 592.17
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Камбоджада салынып жатқан ғимарат опырылды: 36 адам қаза тапты

  • 05.қантар.2020, 12:30,
  • 577

Камбоджаның Кеп провинциясының астанасында салынып жатқан ғимарат опырылып, 36 адам қаза тапты.

Khmer Times газетінің интернет-нұсқасының мәліметінше, ғимарат жұма күні опырылған, алайда оқиға орнында үш күндік іздеу-құтқару жұмыстары аяқталған соң нақты қанша адам қаза тапқаны жексенбіде күндіз белгілі болды. 


Камбоджа апатының салдарын жою жөніндегі Ұлттық комитет төрағасының орынбасары Кун Кимның айтуынша, операция кезінде құтқарушылар қираған жеті қабатты ғимараттың орнында үйінділерді тазартып, қирандылар астынан тірі қалған 23 адамды және қаза тапқан 36 адамның денесін алып шықты.


Соңғы тірі қалғандардың бірі - ғимарат қирандыларының астында үш күн бойы жатқан әйел жексенбіде құтқарылды.


"Қаза тапқан 36 адамның арасында 14 әйел мен алты бала бар", - деді Ким. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : РИА Новости
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031