USD 538.63
EUR 622.23
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алмазбек Атамбаев аштық жариялады

  • 26.қазан.2020, 19:22,
  • 443

Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторында аштық жариялады. 

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі 1-ші тергеу изоляторына ауыстырылды. 

Адвокат Замир Жоошевтің айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысы бұрын өлім жазасына кесілген сотталушылар жатқан жертөлеге орналастырылған.

"Бұл камераға бүгін ғана жылу қосылды. Бөлмеде кәріз жүйесі жұмыс істемейді, есіктер үнемі ашық. Алмазбек Атамбаев аштық жариялады", - деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол Қырғызстан ҰҚК тергеу изоляторында болған. 6 қазанға қараған түні болған тәртіпсіздіктер кезінде ол босатылған. 9 қазанда Атамбаев Ала-Тоо алаңындағы митингіге қатысып, келесі күні тағы да ұсталған болатын.



#алмазбекатамбаев #қырғызстан #аштық #соғыс #экс-президент 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031