USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ANSA ақпараттық агенттігі Қазақстан жаңалықтарын жариялай бастады

  • 27.қыркүйек.2020, 10:44,
  • 587

ANSA - ұлттық және халықаралық іс-шараларды қамтитын Италияның жетекші ақпараттық агенттігі.

Италияның жетекші ANSA ақпараттық агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА ақпараттық хабарламаларының базасында Қазақстан жаңалықтарын жариялай бастады.


«Қазақстан жаңалықтары» айдарының ашылуы 2020 жылдың 23 қаңтарында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі италиялық ANSA ақпарат агенттігімен ынтымақтастық туралы қол қойған меморандумның арқасында мүмкін болды. Ынтымақтастық туралы меморандумға «ҚазАқпарат» АҚ басқарма төрағасы Асқар Умаров пен ANSA агенттігінің басқарма төрағасы Стефано де Алессандри қол қойды. Қазақстан жаңалықтары ағылшын тілінде жарияланады. Экономика, бизнес және туризм саласындағы жаңалықтардың бір бөлігі итальян тіліне аударылатын болады.


ANSA биыл өзінің 75 жылдығын атап өтеді. Ақпараттық агенттіктің еліміздің барлық аумағы бойынша 22 жеке кеңсесі бар және өз қызметін әлемнің 74 елінің 80-нен астам қаласында жүзеге асырады. ANSA күн сайын 3000-нан астам жаңалықтар материалдарын, сондай-ақ 700-ден астам фотосуреттер мен бейнелерді таратады. Агенттік итальян тілінде хабар таратудан басқа, ағылшын, испан, неміс, португал және араб тілдерінде жаңалықтар ұсынады.


#Италия #ANSA #ақпарат #БАҚ #Қазақстан

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.09.2020
23.07.2020
23.07.2020
02.07.2020
25.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031