USD 518.39
EUR 603.09
RUB 6.68
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Суданда 90 адам су тасқынынан қайтыс болды

  • 28.августа.2020, 17:08,
  • 338

Суданның Хартум қаласында су тасқынынан 90 адам қаза тапты.

Телеарна мәліметінше, табиғи апаттан елдің оңтүстік аудандары көп зардап шекті. 18 мың үй қирап, 32 мыңы бүлінген. Ондаған мың тұрғын баспанасыз қалды. Елдегі егістік алқаптарының көбін су басып, экономикаға шығын келген. Суданда шілдеден қазанға дейін жаңбырлы маусым. Алайда мамандар соңғы күндері жаңбыр әдеттен тыс көп жауғанын айтып отыр. "Мұндай жауынды бұрын соңды көрмеппін. Тек 1948 жылы осындай апат болғаны есімде. Жергілікті биліктің тұрғындарға құм толы қаптар таратқанынан еш қайран болмай тұр. Нілден тасыған су бөгеттерді бұзып, үйлерді басып жатыр", - дейді Хартум қаласының тұрғыны Ахмед Бастауи.



#судан #сутасқыны #хартум #өлім #табиғат #апат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.08.2020
05.08.2020
09.07.2020
29.06.2020
24.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031