Еске салайық, Бейрут теңіз портының ауданында орналасқан Ливанның әскери-әуе күшінің базасында сейсенбі күні жойқын жарылыс болды. Салдарынан ондаған үй, көліктер қирады және қаладағы бірнеше кварталдағы үйдің терезелері сынған.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жарылысқа 2014 жылы кеден қызметкерлері тәркілеп, қоймада сақталған 2750 тонна аммиак селитрасының детонациясы (іштен тұтанатын қозғалтқыш отының әрі тұтануы, әрі аса тез жануы) себеп болған.
Ливанның бақылау және инспекциялық тергеу органдары қала басшыларына жойқын жарылыс болуы мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен.
Бейруттағы жойқын жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейруттағы жарылыстан кейін СІМ-ге тапсырма берді.
#бейрут #ливан #қатйсболғандар #жарылыс