Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті.
БАҚ мәліметтеріне қарағанда, жарылыс Бейрут портындағы қоймада болған.
Басында тарсыл естілді, бес минуттан кейін қара және күлгін түтін шықты және содан соң жойқын жарылыс болып, қызыл алау аспанға көтерілді. Жарылыс болған жерден бірнеше шақырым жердегі үйлердің терезесі сынған.
Кейбір дереккөз бір жылдан астам уақыт бұрын кемелердің бірінен тәркіленген натрий нитраты жарылған болуы мүмкін екенін хабарлады.
Бейрут губернаторы Марван Аббуд жарылысты 1945 жылы жапониялық Хиросима және Нагасаки қалаларында болған ядролық соққымен салыстырды.
REUTERS©
Марван Аббудтың айтуынша, Бейруттағы ғимараттардың жартысы зардап шекті.
"Салдары ауыр болып тұр. Бейруттағы ғимараттардың жартысына зақым келді", - деді губернатор.
РИА Новости©
Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жергілікті ауруханада түсірілген видео тарады. Онда жарылыстан зардап шеккен жүздеген науқас жатыр.
Ливан денсаулық сақтау министрі Мухаммед Хассан Бейруттағы ауруханалардың бәрі толды және зардап шеккендерді басқа қалаға жеткізуді талап етті.
REUTERS©
Айта кетейік, жарылыс кезінде Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына да зақым келген. СІМ баспасөз қызметі қазақстандық консул жарақат алғанын хабарлады.