USD 530.47
EUR 613.75
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Колумбия: полиция ғимаратының маңында жүк көлігі жарылды

  • 24.қараша.2019, 12:00,
  • 644

Колумбияның Каука қаласында полиция ғимаратының маңында жүк көлігі жарылды. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты, он шақты адам зардап шекті.

"Сантандер-де-Киличао, Каука елді-мекеніндегі жаңадан ашылған полиция учаскесінің маңында жүк көлігі қойылған. Елді-мекен жарықсыз қалды", - делінген хабарламада. 


Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, он шақты адам зардап шеккенін жазады. 


Жергілікті БАҚ өкілдері жүк көлігінен ғимаратқа қарай екі баллон ұшқанын айтады, жарылыстың жойқын болғаны соншалық, оның дүмпуі бүкіл қалаға естілген. 


Колумбияда бейсенбі және жұма күндері өткен наразылық акцияларына 200 мыңнан аса адам қатысты, елдің бірқатар қалаларында тәртіпсіздіктер жайлады. Бастапқыда наразылық акцияларына студенттер мен оқытушылардың марштары ретінде ойластырылған, алайда саяси оппозиция сол күні жаппай ереуіл өткізу ниеті туралы мәлімдеген болатын. Колумбиялықтар ел билігінің қылмыспен және экономикалық саясатпен күресудегі әрекетсіздіктеріне қарсы наразылық білдіруде. Ресми мәліметтер бойынша, наразылық акциясы кезінде үш адам қаза тапқан, тағы 273 адам, оның ішінде 148 әскери және үш полиция қызметкері зардап шекті.



скачать dle 12.0
Фото авторы : РИА Новости
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930