USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тағы төрт елде коронавирус анықталды

  • 27.ақпан.2020, 10:30,
  • 498

Қытайдан басқа бірқатар елде коронавирус инфекциясы өршіп жатыр. Грузия, Норвегия, Финляндия және Бразилия елдерінде коронавирус тіркелді.

Грузия

"Бірнеше минут бұрын Лугара зертханасынан сараптаманың қорытындысын алдық, коронавирус расталды. Кеше Ираннан Әзербайжан арқылы келген Грузия азаматы жұқтырған", - деді денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе.


Финляндия

Финляндияда коронавирус жұқтырған тұңғыш адам Миланнан келген екен.

"Хельсинки мен Уусимаа округінде коронавирус анықталды. Олар вирусты Италияның солтүстігінде жұқтырған. Қазір науқас емделіп жатыр", - делінген Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту Ұлттық институтының хабарламасында.


Норвегия

Коронавирус Норвегияның солтүстігінде тіркелді. Бірақ жергілікті дәрігерлер дүрбелең туғызбауға шақырады. Қазіргі уақытта науқас үйде карантинде екен. Оның жасы мен жынысы айтылмады.


Бразилия 

Коронавирусты Бразилияда да жұқтырғандар бар болып шықты. Бразиялық 61 жастағы ер адам 9-21 ақпан аралығында Италияда болған екен. Дәрігерлер оның сараптамасын қайта тексеруге жіберді.


АҚШ

АҚШ-та да Diamond Princess круиз лайнерінен эвакуацияланған алты америкалықтан вирус анықталып отыр.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.02.2020
18.02.2020
13.02.2020
12.02.2020
22.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930