USD 489.39
EUR 567.5
RUB 6.69
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Украинада жолаушыларға лық толы автобусты тұтқынға алған террорист Зеленскийге талап қойды

  • 21.июля.2020, 17:00,
  • 487

Украинаның Луцк қаласында автобусқа шабуыл жасап, жолаушыларды тұтқынға алған террорист елдің жоғары шенеуніктеріне, оның ішінде президент Владимир Зеленскийге талабын айтты.

Террорист өзінің манифесін барлық әлеуметтік желіде жариялаған. Ол өзін Максим Плохой деп атаған. Ер адам Украинаның жоғары лауазымды шенеуніктерінен, оның ішінде президент Зеленскийден "заңдағы террористтер" екенін видеода мойындап, оны Интернетте жариялауын талап етті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Максим Одессадан келген және психиатр есебінде тұр.

РИА Новости мәліметінше, Луцк қаласындағы оқиға орнына арнайы жасақ келген. Украин полициясы ер адамның кім екенін анықтады. Ол тәртіп сақшыларымен байланысқа шықпайтынын білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін Луцкте қаруланған ер адам жиырма шақты жолаушы отырған автобусқа шабуыл жасап, адамдарды тұтқынға алғаны хабарланған болатын. 



#украина #терроризм #зеленский #президент

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.02.2020
09.08.2019
08.08.2019
17.07.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930