USD 482.33
EUR 557.57
RUB 5.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Украина: Қытайдан эвакуацияланғандарға шабуыл жасалды

  • 21.ақпан.2020, 10:00,
  • 582

Украинада Полтавская облысы Новые Санжары ауылында митингіге шыққандар қытайлық Уханнан эвакуацияланғандар отырған автобусқа шабуыл жасады. Бұл туралы РБК-Украина мәлімдеді.

Шабуыл кезінде митингіге шыққандар автобустың терезелерін сындырған. Ал жолаушылар салон ішінде болған балаларды тастан қорғаған.

"Уханнан эвакуацияланғандар балаларын сырттан ұшып кіріп жатқан тастардан қорғады. Украинаға қош келдіңдер, жерлестер! Қытайда жүріп бізде бәрі қалай болатынын ұмытып қалған шығарсыңдар?", - деп жазды журналист Юрий Ткачев. 


Митингіге қарамастан автобустар Украина ұлттық гвардиясының "Новые Санжары" медициналық орталығына кіре алды, артынша санатория қақпасы жабылды. Артынша жергілікті тұрғындар мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыс болған. 


Автобустарда Украинаның 45 азаматы мен 28 шелелдік (Аргентина, Эквадор, Доминикан Республикасы, Сальвадор, Коста-Рика, Черногория, Панама және Израиль азаматтары) отырған.

скачать dle 12.0
Фото авторы : РБК-Украина
Тағы да оқыңыздар:
19.02.2020
10.01.2020
08.01.2020
10.12.2019
09.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031