Олардың мәлімдеуінше, дау Баткен облысының Чек ауылының 50 гектар аумағына таласқан екі елдің шекаралық тұрғындары арасында туды.
"Бұл аймақты негізінен қырғыз жағы қолданды. Қырғызстан мен Тәжікстаннан 30-40 адамнан бір-біріне тас лақтырды. Оқиға барысында оқ атылды. Қақтығыс одан әрі өршіленбеуі үшін екі елдің шекара қызметшілері ескерту оқ атты", - делінген хабарламада.
Жағдай біраз уақытқа тұрақталды. Жергілікті халықпен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алайда Тәжікстан шекарашылары Қырғызстанға қарай кенеттен минометті оқ атты. Қазіргі таңда шекара маңындағы жағдай күрделі ретінде сипатталған.
Алдын-ала мәлімет бойынша, үш адам жараланған. Олардың арасында Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметшілері де бар.