Роберт Кох институтының мәліметі сәйкес, R базалық репродукт көрсеткіші бірден 1,1-ге өсіпті. Бұл вирус жұқтырған 10 науқастың 11 адамға ауру жұқтыратынын көрсетеді. Осыған дейін аурудың таралу жылдамдығы баяу болған.
Елде 169 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырған, 144 мың науқас аурудан айыққан. Ал 7 395 адам қайтыс болды.
Қазіргі таңда Солтүстік Рейн-Вестфалия және Шлезвиг-Гольштейн федерал жерлерінде ауру өршіп тұр. Билік мұндағы кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Ал Тюрингияда 100 мың адамға шаққанда 80 мыңнан аса тұрғын вирус жұқтырған.