Дүйсенбі күні Ломбаридия губернаторы Аттилио Фонтана коронавирустан көз жұмған 5- адам 84 жастағы ер адам болғанын және оның ауруханада болғанын растады.
Фонтана Ломбаридиядағы ауру жұқтырғандардың саны 165 адамға жеткенін атап өтті. Бұл Италияда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 200 адамға артқанын білдіреді.
Венетода 27 жағдай, тағы 16 жағдай Эмилия-Романьяда, ал Пьемонтта, Трентино-Альто-Адиджеде, Лациода үш-үштен тіркелген. Лациода вирусты Қытайдың Ухань қаласынан келген италиялық зерттеуші, сондай-ақ Римнің Спалланцани ауруханасында жатқан тағы екі қытайлық турист жұқтырған. Ломбардия, Венето, Пьемонт, Трентино-Альто-Адидже және Фриули-Венеция-Джулия облыстарында мектептер, университеттер, мұражайлар, ескерткіштер мен кітапханалар жабылған, сонымен қатар адам көп баратын қоғамдық шараларға тыйым салынған.