Жалпы Қытайда жұқтырудың 64 627 жағдайы тіркелген, бүкіл әлем бойынша - 65 210 жағдай. Коронавирустан қаза болғандардың саны жалпы - 1486. Күн бұрын 1370 қайтыс болғандар туралы хабарланған болатын.
Қытайлық CGTN мемлекеттік телеарнасының мәліметтері бойынша, Қытайдан тыс коронавирусты жұқтырғандар саны 500 адамнан асты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеңесші Айру Лонджини жағдай ушығар болса COVID-19 коронавирусы әлем халқының үштен екісіне жұғуы мүмкін екенін болжап отыр.
Лонджинидің пойымынша, әдеттегі жағдайда әрбір жұқтырушы тағы екі немесе үш адамға жұқтырған. Бұл көрсеткішті екі есе азайтса да, Жер тұрғындарының үшінші бөлігі вирус жұқтырады.