USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтар қалай тексеріледі?

  • 30.қантар.2020, 14:30,
  • 485

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қытайдан келген қазақстандық студенттер мен туристер қалай тексерілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, олардың елге келуі басқа қазақстандықтар үшін толық қауіпсіз болады.

"Егер оларды алып келсек, карантинге оқшаулаймыз. Бұл үшін арнайы аурухана дайындап қойдық. Барлығын сонда апарып, 14 күн бойы сонда ұстаймыз. Қан алып, сараптама жасаймыз, егер денсаулығына еш зиян келмеген болса олар шығарылады. Егер араларында науқас болса, емдеу шараларын ары қарай жалғастырамыз. Әуежайда олармен біздің медициналық қызметкерлерден басқа ешкім байланыста болмайды. Арнайы автобуспен клиникаға апарамыз", - деді Сапарбаев. 


Сондай-ақ, ол медициналық қызметкерлердің Қытайдан келген азаматтармен жұмыс істеуден бас тартып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.


"Олай емес. Тапсырма берілді. Барлығы нұсқамадан өтті. Олар адамдармен бетперде киіп жұмыс істейді, себебі біз медициналық қызметкерлердің, дәрігерлердің және бақа да мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз", - деді вице-премьер.



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
21.01.2020
17.01.2020
08.08.2019
07.08.2019
20.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031