10 сәуір 2025, 10:25
USD 520.48
EUR 574.61
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мысырда өлі табылған дипломаттың әйелі Тоқаевқа хат жазды

  • 20.желтоқсан.2019, 14:00,
  • 429

Мысырда өлі табылған елшілік қызметкері Еламан Жолдасовтың әйелі Айнұр Молдабаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.

Сондай-ақ, ол бас прокурорға, ІІМ басшысына және Сыртқы істер министрлігінің басшыларына хат жазған. Молдабаева күйеуінің өліміне қатысты тергеуді барынша ашық әрі мұқият жүргізуді сұрайды.


"13 желтоқсанда күйеуімді өлі күйінде таптым. Мойнында жіп болды. Аяғы шаң-шаң, кіреберіс жердің барлығы қан болды, біреудің іздері жатты", - дейді әйелі.



Айнұрдың айтуынша, қайғылы жағдай алдында Еламан елшілікте бір PR-кампания өткізу үшін қарызға ақша алған. Оны өлтіруге осы себеп болуы мүмкін дейді. Айтуынша, ақшасы да із-түссіз жоғалған.


Айнұр Молдабаева сол күні күйеуінің үйде қонбағанын және телефонды алмағанын айтады. Ал таңертең үйден шығып бара жатқанда кіреберісте өлі жатқан күйеуін көрген.


"Жерде жатты, аяқ-қолы байланбаған. Әпкемнің ондай ақпаратты қайдан алғанын білмеймін, дұрыс түсінбеген шығар. Басы лифт жаққа қарап тұрды, ұйықтап жатқандай болды. Қасына жүгіріп бара жатқанымда соңымнан ұлым шықпақ болды. Алайда одан есікті жабуын сұрадым. Ол тірі деп ойладық та, ұлым интернеттен алғашқы көмекті қалай көрсету керегін қарап жатты", - дейді әйел.



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
18.12.2019
10.12.2019
13.08.2019
25.07.2019
24.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930