"Кеше Бурдж-Халифа беткейінде Қазақстан туы нақты бір қаражат арқылы шықты деген мәліметтер айтылды. Негізінде бастаманы Дубай әмірліктері ұсынды. Бұл - тегін акция. Мұндай тәжірибе бұрындары да болды, Қазақстанға дейін Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің тулары көрсетілді. Сол күні сыртқы бетінде Бахрейннің де туы көрсетілді", - дейді Смадияров.
"Сыртқы істер министрлігі осы әрекетке қандай да бір қатысы бар (қаражат жұмсады) деушілердің барлығы да жалған. Мен осындай ақпаратты нақтыламай жатып, таратып жатқан блогерлер мен журналистерді ар-ұятты ұмытпауға шақырамын", - деді ол.
.