Лондонда орналасқан Ұйғыр трибуналы Қытай билігі Шыңжаңда ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарға қарсы геноцид жасап жатыр деген шешім шығарды.
Трибунал Қытай басшысы Си Цзиньпин бастаған басшыларын Шыңжаңдағы қудалауға "тікелей қатысы бар" деп санайды, деп жазылды Азаттық радиосының сайтында.
Ұйғыр трибуналы биыл қыркүйекте басталып, онда Шыңжаң лагерінде қамауда болған ондаған қазақ пен ұйғырды, куәгерлерді, академиялық зерттеушілерді тыңдалған еді. Шыңжаңдағы лагерьде болдық деген қазақтар Орынбек Көксебек, Ерғазы Отарбай мен Бақытәлі Қазақстаннан Лондонға арнайы барып, тыңдауға бастан өткерген қиындықтарын баяндап бергенді.
"Қытай Шыңжаңдағы ұйғыр мен басқа да аз ұлттардың санын азайту үшін жүйелі түрде ұзақ саясат жүргізген. Бұл мақсатқа жету үшін ұйғырлардың тууын шектеген әрі бақылаған", - деп хабарлады трибуналды жүргізген заңгер Джеффри Найс.
Трибунал Шыңжаңдағы қысымға Қытай президенті Си Цзиньпин, Чэнь Цюаньго мен Компартиядағы басқа да шенеуніктер жауапты деп санайды.
Президент пен басқа да шенеуніктер азаптауға, зорлауға тікелей бұйрық бермеген, бірақ трибунал бұл әрекеттер президент Си Цзиньпиннің саясатының негізінде жүргізілген деп санайды. Себебі мұндай қатаң иерархиялы елде жоғары билік әрбір әрекеттен хабардар
Джеффи Найс.
Британиялық заңгер Найс Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің сұрауымен үкіметтік емес тәуелсіз Ұйғыр трибуналын 2020 жылы құрған.