АҚШ-тың екіпартиялық заң жобасы Қытайда ұйғыр, қазақ және өзге де мұсылмандардың қудалануына жауапты шенеуніктерге санкция салуды қарастырады.
"Пекиннің ұйғыр халқына жасап отырған айуандық әрекетін әлем халқының ұжымдық ар-намысын қорлау деп бағалауға болады", - деді өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси.
Құжат Трампқа қол қоюға жіберілді. Трамп осы аптада құжатты өте мұқият қарайтынын мәлімдеді.