USD 444.14
EUR 477.05
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түрмедегі Джулиан Ассанж инсульт алды

  • 12.желтоқсан.2021, 13:26,
  • 77

27 қазанда Лондонның Жоғарғы Сотында видео байланыс арқылы сөз сөйлеу кезінде Ассанждың жүрегі ұстап қалған.

2019 жылы Лондонның Белмарш түрмесіне тоғытылған WikiLeaks ұйымының негізін қалаушы Джулиан Ассанж инсульт алды.


Бұл туралы жексенбіде Daily Mail оның қалыңдығы Стелла Морриске сілтеме жасап хабарлады, делінген ТАСС ақпаратында.


27 қазанда Лондонның Жоғарғы Сотында видео байланыс арқылы сөз сөйлеу кезінде Ассанждың жүрегі ұстап қалған. Морристің айтуынша, инсульт АҚШ тарапанынан қозғалған сот процестерінің үздіксіз жалғасуы және денсаулықтың жалпы нашарлауынан туындаған стресстен болған. Осының барлығы Ассанждың жағдайына кері әсер етті: оның оң қабағы салбырап, есте сақтау проблемалары туындап, неврологиялық белгілер де білінген. Ассанж миын МРТ-ға түсірді, енді ол инсультқа қарсы дәрі қабылдайды.


Басылымның хабарлауынша, Ұлыбритания Әділет министрлігі бұл жайтқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты.


Айта кетсек, жұма күні Англия мен Уэльстің апелляциялық соты АҚШ Әділет департаментінің WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау туралы шағымын қолдады. Енді іс бірінші сатыдағы сотқа - бұрын 50 жастағы австралиялықты өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген қауіппен АҚШ-қа экстрадициялауға болмайды деп шешім шығарған Вестминстер магистратура сотына қайтарылады. Сондай-ақ, құжатта WikiLeaks-тің негізін қалаушы қамауда болуы керек деп көрсетілген.


Ассанждың қалыңдығы Стелла Моррис сот шешіміне қарсы шығып, оны "қауіпті және негізсіз", сондай-ақ "өрескел сот қателігі" деп атады.

Ұлыбритания астанасындағы Эквадордың елшілігі журналиске жеті жыл бойы берген саяси баспананы беруден бас тартқаннан кейін Ассанж ұсталып, Белмарш түрмесіне 2019 жылдың сәуірінде қамалды. Қаңтарда Вестминстер магистратура соты Ассанжды АҚШ-қа беруден бас тартты, онда оған қарсы 18 қылмыстық іске байланысты айып тағылды, бірақ сонымен бірге ол америкалық прокуратураның апелляциясын қарау кезінде журналисті кепілмен босатпады.


Америка Құрама Штаттарында WikiLeaks-тың негізін қалаушыға Америка тарихындағы ең үлкен құпия ақпаратты ашу оқиғасына байланысты қылмыстар бойынша айып тағылған. Айыптаулардың жиынтығы бойынша Ассанж 175 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.11.2021
16.09.2021
25.06.2021
24.05.2021
20.02.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031