USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Протасевич пен оның қызы үй қамауына алынды

  • 25.июня.2021, 15:08,
  • 221

Минск әуежайында ұсталған Белорусьтегі Nexta оппозициялық Telegram-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевич үйқамаққа ауыстырлды. Бұл туралы БАҚ-қа оның әкесі Дмитрий Протасевич айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Маған биліктің іс-әрекетіне пікір айту қиын, олардың мақсаттары не... Мүмкін ол қандай да бір саяси ойынға араласқан шығар", - делінген Роман Протасевичтің әкесі айтқан сөздерден келтірілген хабарламада.

Ол адвокат пен билік ештеңе түсіндірмегенін айтқан. "Бұлтартпау шарасын өзгерткендері, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін. Алайда кейін не болатыны белгісіз", - деп жазды басылым Протасевичтің әкесінің сөздерін келтіріп.

Агенттік мәліметі бойынша, Минскіде Протасевичпен бірге ұсталған ресейлік Софья Сапега да үй қамауына алынған. София қазіргі уақытта Минскіде жалдамалы пәтерде.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған.

"Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бомба қойылды деген ақпарат расталмады. 

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич және оның қызы Софья Сапега болған. Олар ұсталды. Артынша батыс елдері де болған жайтқа пікір білдіріп, Протасевичті дереу босатуды талап етті. 



#Протасевич #тергеу #Минск #оппозиция #журналист #полиция #сот 




скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.05.2021
26.05.2021
14.09.2020
10.09.2020
12.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930