USD 448.89
EUR 477.93
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кәсіпқой бокста қазақстандық IBO бойынша Әлем чемпионы атанды

  • 19.желтоқсан.2021, 10:28,
  • 195

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао арасындағы жекпе-жектің жүлдесі отандасымыздың еншісіне бұйырды.

Жекпе-жек 12 раунд бойы жалғасты, бұл көптеген адам үшін тосынсый болды. Бүкіл жекпе-жек бойында қазақстандық Оңтүстік Америкадан келген қарсыласынан басым болып отырды, сондықтан көрермен әне-міне деп нокаут күтті. Екінші раундтың басында Хуан Эрнан Леал еденнен үш рет көтерілуіне тура келді, екі рет нокдаунға түсіп, тағы бір ауыр соққыны қабыл алды.


Нәтижесінде, үшінші раундта аргентиналық шабуылдаудан тартыншықтай бастады. Данияр қарсыласын жиі қарсы алып, кез келген шабуылына лайықты тойтарыс беріп отырды.


Осыған байланысты Хуан Эрнан Леаль тек қорғанып қана жүруге мәжбүр болды, ал шабуылдауға дағдыланған Данияр оны қалт кету сәтін күтумен болды, бірақ онысы тым ұзап кетті. Бірнеше күшті соққыны өткізіп алған аргентиналық аса сақ болды.


Ал зал шулап, айқасты мерзімінен бұрын аяқтауды талап етті. Бірақ жекпе-жек барлық он екі раундқа созылды, соңында аргентиналық тіпті батылдық танытып, бірнеше жақсы шабуылдар жасады, бірақ онысынан түк шықпады.


Елеусіновтің жеңісі айқын болып, төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.


Данияр Елеусінов чемпиондық белдік үшін бақ сынап көрген тарихта бесінші қазақстандық атанды. Осылайша ол Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов және Бейбіт Шүменовтердің ізін басты.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.11.2021
13.10.2021
24.12.2020
29.11.2020
09.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930