USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Францияда еліміздің әнұраны шырқалды

  • 18.желтоқсан.2021, 15:34,
  • 525

Париж қаласынан бастау алған FORTE-TRIO ұжымының халықаралық гастрольдері 16 желтоқсан күні Францияның Мюлуз қаласында жалғасын тапты.

Франция, Германия және Швейцарияның шекараларында орналасқан Мюлуз қазақстандық әртістерді құшақ жая қабылдады. Отандық трио Тәуелсіздік күні мерекесін дәл осы қалада қарсы алды.


Арнайы еліміздің басты мерекесіне орай трионың орындауында Қазақстанның әнұраны шырқалды. Фортепиано, виолончель және скрипка әуендері әнұранға өзгеше сән-салтанат беріп, еліміздің гимні ерекше естілді. Осы патриоттық сәтті тамашалаған шетелдік көрермен Тәуелсіз Қазақстанның әнұранына құрмет білдіріп, зор қошемет көрсетті.


"Қазақстанның әнұраны шырқалған сәтте қасымдағы көрермендер менен бұл қандай әуен деп сұрай бастады. Бірден таныдым. Мен қазақ елінің әнұранын жақсы білемін және ол маған өте ұнайды. Бүгінгі концертте оның ерекше күш-қуатын тағы да сезіндім", - деді белгілі француз композиторы Pierre Thilloy


FORTE-TRIO ұжымы

Сурет: FORTE-TRIO мемлекеттік ұжымы


«FORTE-TRIO» ұжымының Франциядағы екінші концерті атақты Theatre de la sinne залында өтті. 150 жылдан астам тарихы бар Theatre de la sinne сахнасында бұл кеште қазақстандық композиторлардың туындылары мен еуропалық классика жауһарлары шырқалды. Әртістер халқымыздың ұлттық құндылықтары көрініс тапқан «Япурай» және «Көроғлы» туындыларын ұсынды. Сондай-ақ С.Рахманинов, К.Дебюсси, И.Брамс сынды әлемдік композиторларының үздік шығармалары орындалды.



Үздік шығармалар

Сурет: FORTE-TRIO мемлекеттік ұжымы


Екінші концертті де сәтті өткізген трионың көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері өз сұхбатында барша отандастарды мерекемен құттықтады: «Тәуелсіздік күні – қазақстандықтар үшін маңызды, ұлық мейрам. Трионың гастрольдері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтуде. Егемен еліміздің өнерін әлемдік аренада таныту біз үшін үлкен мәртебе», – деп жеткізді ол.


Айта кетейік, трио әртістері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ұжымның негізін қалаушы Тимур Урманчеев (фортепиано), халықаралық байқаулардың лауреаттары Мұрат Нарбеков (виолончель) пен Шолпан Манкеева (скрипка) Роза Бағланова атындағы Қазақконцертте еңбек етеді.



Тәуелсіздік күні

Сурет: FORTE-TRIO мемлекеттік ұжымы


Трионың кезекті концерттері 17 желтоқсан күні Нанси және 22 желтоқсан күні Лион қалаларында жалғасады.



Тәуелсіздікке 30 жыл

Сурет: FORTE-TRIO мемлекеттік ұжымы

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.12.2021
19.12.2021
24.09.2021
07.09.2021
06.07.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930