USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ердоған Назарбаевты туған күнімен құттықтады

  • 06.июля.2021, 19:26,
  • 235

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Еlbasy.kz сайты хабарлайды. 

Түркия Президенті Елбасын шын жүректен туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық және бауырлас Қазақстанның мүддесі жолындағы көпжылдық мемлекеттік қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаев өз елінің көшбасшысы ғана емес, сонымен қатар Нұр-Сұлтан мен Анкара арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізін қалаушы ретінде зор құрметке ие болғанын айтты.

Түркия Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) Құрметті төрағасы ретіндегі айрықша рөліне тоқталды, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық бастамаларының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Елбасы Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілектері үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Түркияның қазіргі стратегиялық серіктестігінің деңгейіне жоғары баға берді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған алдағы кездесулердің кестесін талқылады.



#Назарбаев #туғанкүн #Ердоған #Түркия #Президент #құттықтау 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Еlbasy.kz
Тағы да оқыңыздар:
11.04.2021
17.03.2021
31.10.2020
12.02.2020
09.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930