USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Аргентинада Абай көшесі Қазақстан алаңы ашылды

  • 19.желтоқсан.2021, 17:08,
  • 158

Аргентина қалаларының бірінде қазақстандық атаудағы көше мен алаң пайда болды.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Бразилиядағы, сонымен қатар Аргентинада қоса елші қызметін атқарушы Болат Нүсіпов қазақ ақыны, ойшылы және ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы атындағы көшенің, сондай-ақ Аргентинаның Росарио қаласындағы "Қазақстан Республикасы" алаңының ресми ашылу рәсіміне қатысты", - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.


Өз сөзінде елші Болат Нүсіпов ел басшылығының ұлттық сана-сезімді, өзіндік мәдени кодты сақтау және мәдени жетістіктерді, оның ішінде шетелде насихаттау жөніндегі бастамаларын іске асырудың маңыздылығын баса айтты.


Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" және "Абай – рухани реформатор" мақалалары аясында Абайдың қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі мен оның мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығы ерекше атап өтілді.


Өз кезегінде, Қазақстанның Росариодағы Құрметті консулы Густаво Гутиерес Қазақстан халқының Абай тұлғасына зор маңыз беретінін атап өтті.


Консулдың айтуынша, Абай әлемдік мәдениет үшін Шекспир, Гете, Пушкин немесе Мольер сияқты құндылыққа ие. Осыған байланысты Гутиерес Абай көшесінің ашылуы аргентиналықтарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлерімен танысуға қосымша мүмкіндік беретінін айтты.


Іс-шаралар 2019 жылғы қарашада қол қойылған меморандуммен белгіленген Алматы мен Росарио қалалары арасындағы бауырластық қатынастар шеңберінде өтті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.09.2021
12.08.2021
12.02.2021
03.12.2020
25.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031