USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан елшісі Нидерланд короліне сенім грамоталарын табыстады

  • 03.желтоқсан.2020, 12:48,
  • 345

Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиев Нидерланд королі Виллем-Александрға салтанатты түрде сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, рәсімнен кейін "Нордеинде" сарайында дипломаттың монархпен екіжақты кездесуі өтті, оның барысында тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған басым мәселелерді талқылады.

Елші Ұлы мәртебелі Корольді Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатымен және экономикалық бастамаларымен таныстырды. Ол сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерландпен кешенді ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беретінін және жоғары деңгейдегі байланыстар екі ел арасындағы сенімді диалогтың берік негізін қалағанын атап өтті.


"Өз кезегінде Король Виллем-Александр екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айрықша атай отырып, Нидерланд Қазақстанмен саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі өрбітуге мүдделі екенін белгілеп өтті. Ол сондай-ақ 2014 жылғы наурызда Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін еске түсірді. Дипломат Елбасының сол Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның ядролық сынақ полигонын бірінші болып жауып, сонымен қатар ядролық қарудан ерікті бас тартқаны туралы айтқаны туралы қосты.

Осыған орай ол 2021 жылы Н. Назарбаевтың әлемдегі ең ірі Семей ядролық сынақ полигонын жабу арқылы қауіпсіз және орнықты әлемнің қалыптасуына ерекше үлес қосқан тарихи шешімінің 30 жылдығы атап өтілетіндігі туралы хабарлады", - делінген министрліктің хабарламасында.



#елші #қазақстан #нидерланды #жұмағалиев #грамота 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.12.2020
05.11.2020
06.07.2020
06.01.2020
25.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930