USD 515.89
EUR 536.32
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресей президенті 72 жаста қайта сайлануға мүмкіндігі бар екенін атап өтті

  • 01.желтоқсан.2021, 13:17,
  • 146

Путин: "Қайта сайлауға түсу құқығымның бар екенінің өзі елдегі жағдайды тұрақтандырады".

Владимир Путин 2024 жылы қайтадан Ресей президенттігіне сайлану ықтималдылығы туралы сұраққа жауап берді.


Ол әзірге сайлауға қатысу бойынша шешім қабылдамағанын, бірақ оның қайта сайлану құқығы бар екенінің өзі "ел ішіндегі саяси жағдайды тұрақтандырады" деп мәлімдеді.


Ол бұл пікірін "Ресей шақырады" деп аталатын инвестициялық форумда жасады. Президент бұл шараға онлайн форматта қатысқан.


2020 жылдың жазында Ресейде Конституцияға өзгерістер енгізілді. Онда ел президентінің бұл қызметте екі мерзімнен артық отыра алмайтыны жазылған.


Осы өзгерістерге жаңа норма қазіргі президентке қатысты емес екені, сондықтан Путин президенттікке тағы да екі рет сайлана алатыны белгіленген. Оппозиция бұл талап арнайы Путин билігін сақтау үшін жасалған деп есептейді.


Путин Ресей билігінде жалпы 17 жыл отыр. 2024 жылы ол 72-ге толады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.05.2021
25.02.2021
18.02.2021
23.10.2020
20.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031