USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Путин мен Байден қашан және қайда кездесетіні белгілі болды

  • 25.мамыр.2021, 18:17,
  • 338

Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байден 16 маусымда Женевада кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің сайтындағы мәлімдемеде айтылды. 

"Өзара уағдаластыққа сәйкес, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 16 маусымда Женевада Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байденмен келіссөз жүргізеді. Көшбасшылар өзекті мәселелердің барлық спектрін талқылайды, өйткені АҚШ Ресеймен қатынаста тұрақтылықты қалпына келтіруге тырысады", - делінген хабарламада.

16 маусымда Женевада өтетін президенттер кездесуінің мән-жайы, оның ішінде келіссөз уақыты әлі келісілмеген. Бұл туралы РИА Новостиге Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. 

Тараптар стратегиялық тұрақтылық, пандемиямен күрес, халықаралық күн тәртібі және аймақтық қақтығыстар мәселелерін талқылайды.

Бұған дейін БАҚ-та Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байденнің алғашқы кездесуі Швейцарияда өтуі мүмкін екені жазылған болатын.



#Путин #Байден #келіссөз #кездесу #Ресей #АҚШ #Президент

скачать dle 12.0
Фото авторы : © Reuters
Тағы да оқыңыздар:
25.02.2021
18.02.2021
29.12.2020
02.04.2020
10.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031