USD 439.43
EUR 473.31
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ғалымдар Pfizer вакцинасының үшінші дозасының нәтижелігін дәлелдеді

  • 01.қараша.2021, 13:35,
  • 118

Израильдегі Клалит зерттеу институты және АҚШ Гарвард университетінің мамандары SARS-CoV-2 коронавирусының дельта штаммына қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасының үшінші дозасының тиімділігін дәлелдеді.

"Зерттеу нәтижелері вакцинаның үшінші дозасы екпеден кейінгі бір аптадан соң Covid-19-бен байланысты ауыр салдарлардың алдын алатынын дәлелдеді", - делінген The Lancet журналында жарияланған мақалада.


MedicalXpress ғылыми жұмысында бұл сынақ 2021 жылдың 30 шілдесінен 23 қыркүйегіне дейін жүргізілгені айтылды. Бұл Израильдегі коронавирус инфекцияның төртінші толқынымен сәйкес келді, оның барысында Delta нұсқасы (B.1.617.2) елде басым штаммға айналды.


"12 жастан асқан 728 321 адамның деректері талданды, олар BNT162b2 вакцинасының үшінші дозасын алды. Әр пациент тек екі вакцина алған адаммен салыстырылды", - деп толықтырды сарапшылар.


Ғалымдар бес ай бұрын тек екі дозаны қабылдағандармен салыстырғанда вакцинаның үш дозасын алған пациенттерде Covid-19-ға байланысты ауруханаға жатқызу қаупі 93%-ға, ауыр Covid-19 қаупі 92%-ға, ал COVID-19-ға байланысты өлім қаупі 81%-ға төмендегенін анықтады.


Сонымен қатар, вакцинаның тиімділігі әртүрлі жыныстарда, жас топтарында (40-69 және 70 жастан асқан) бірдей болды және қатар жүретін аурулардың санына байланысты болмады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.08.2021
11.05.2021
29.04.2021
13.04.2021
09.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031