USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркі кеңесінің медиафорумы өтіп жатыр

  • 22.қазан.2021, 17:46,
  • 162

Түркияда 22-24 қазан аралығында Ыстамбұлда өтетін Түркі кеңесінің "Тұғырлы тарихы бар жарқын болашақ" тақырыбындағы Медиа форумы басталды.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің бейнежолдауында МедиаФорумның барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Медиа форумның жұмысын ашып, өзінің сөзінде форум тақырыбы ортақ тамыры бар және түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен перспективалары бар түркі әлемінің барлық елдері үшін өзекті екенін атап өтті.


Қазақстандық делегацияны Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев бастап отыр.


Жалпы, Медиа форум жұмысына Түркі кеңесіне мүше Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, бақылаушы ел-Мажарстан, сондай-ақ Түркіменстан елдерінен 350-ден астам адам қатысуда, олардың қатарында жетекші БАҚ өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, киноиндустрия, мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі блогерлер мен коммуникация факультеттерінің студенттері бар.


Форумда киноиндустрия және БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ дезинформацияға, оның ішінде әлеуметтік желілерге қарсы бірлескен күрес талқыланады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.09.2021
01.08.2021
06.07.2021
21.06.2021
17.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031