USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Түркия халқына және президентке көңіл айтты

  • 01.августа.2021, 13:16,
  • 272

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдап, Түркияда бұрын-соңды болмаған өртке байланысты көңіл білдірді. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -те жазды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхатын жолдады.


Қазақстан Президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, Президент Режеп Тайип Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.


Айта кетсек, аптаның басында тұтанған Түркияның оңтүстігіндегі орман өрті ауыздықталмай жатыр. Қызыл жалын алты провинцияға қанат жайған. Алдын ала деректер бойынша, алты адам көз жұмып, 400-ден аса адам зардап шеккен.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.07.2021
21.06.2021
11.04.2021
05.03.2021
31.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031