USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Белоруссияда революция болуы ықтимал

  • 18.қазан.2021, 14:08,
  • 159

Александр Лукашенко Белоруссияда наразылықтардың жаңа толқыны қашан басталуы мүмкін екенін айтты.

"Пул Первого" Telegram каналы жазғандай, президент ҰҚК басшылығына жүгінді.


"Назар аударыңыздар: жағдай шиеленісті. Революция жасаудың тағы бір әрекеті конституциялық референдум өтетін кезде болуы мүмкін", - деді Лукашенко.


"Белта" басылымының хабарлауынша, Лукашенко жаңартылған Конституция нұсқасының жобасын ұсынған болатын.


"Бұл түпкілікті нұсқа емес, негізгі заң бойынша жұмыс әлі жүріп жатыр. Сонымен қатар, біз өңірлерге шығып, адамдармен кездесіп, ұсыныстарды тыңдаймыз", - деп нақтылады Республика кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова.


Gazeta.ru хабарламасында жаңартылған конституцияның 2022 жылдың басында референдумға шығарылатыны атап өтілді.


Белоруссиядағы ауқымды наразылық акциялары 2020 жылы тамыздың 9-нан 10-на түні президент сайлауының нәтижелері мен Александр Лукашенконың жеңісі туралы мәлімдемеге байланысты басталған.


Сол күннен бастап акциялар жалпыұлттық ауқымға ие болды, ал елдегі жағдай саяси дағдарыс ретінде сипаттала бастады. Акция 2021 жылдың ақпан айында аяқталды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.03.2021
16.11.2020
18.08.2020
14.08.2020
12.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031