USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҚР АШМ Германиядан РФ аумағына картоп жеткізу дерегін тексеріп жатыр

  • 17.наурыз.2021, 16:17,
  • 294

Тексеру нәтижесі көрсеткендей, 60 тонна картопқа фитосанитарлық сертификат Кедендік одақ пен ЕАЭО нормаларына сәйкес рәсімделді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Биыл 16 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің атына ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі Федералдық қызметтің (Россельхознадзор) Ақтөбе облысының фитосанитарлық сертификатымен Ресей Федерациясының аумағына санкциялық өнім жеткізу дерегін анықтау туралы хат келіп түсті.

Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақтөбе облысындағы аумақтық инспекцияға хат жолдап, олардың 2 наурызда Ресей Федерациясының "РусЕвроплант" АҚ-на жіберу үшін "Kazeuroplant LLP" ЖШС-не 60 тонна картоптың фитосанитариялық сертификатын бергенін анықтады.

Айта кету керек, мұндай құжатты ресімдегенде оның ЕЭК Кеңестің 2016 жылғы 30 қарашадағы №159 шешімімен бекітілген Кеден одағы комиссиясының № 318 шешіміне және ЕАЭО кедендік аумағында өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкестігі қатаң қадағаланады.

Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аталмыш деректі тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Оның нәтижесі қосымша жарияланатын болады.



#картоп #Қазақстан #Ресей #Германия #дерек #тасымал #тергеу 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.03.2021
18.02.2021
16.02.2021
18.07.2020
06.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930