USD 498.51
EUR 522.84
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үндістанда жаппай тәртіпсіздік

  • 27.қантар.2021, 10:48,
  • 387

Делидің тарихи орталығында ондаған мың үндістандық шаруа тағы ереуілге шықты, - деп хабарлайды Euronews.

Сейсенбіде наразылық шеруі полицияның қарсылығына қарамастан тәртіпсіздіктерге ұласты. Наразылық білдірушілерді тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ бен жарық пен шу шығаратын гранаталарын қолданды. Салдарынан бір шаруа қайтыс болды, бірнеше полиция қызметкері жарақат алды.

"Сіздер көріп тұрған тракторларымыз - саяси өзгерістер мен революцияның символы!"- деп мәлімдеді акцияға қатысушылар.

© Reuters

Шаруалар Үкіметтің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағаларын еркіне жіберу туралы шешіміне наразылық білдіріп жатыр. Олардың пікірінше, ауыл шаруашылығын либерализациялау онсыз да төмен кірістен айырады.

"Біз премьер-министрге Үкіметтің оған емес, шаруаларға тиесілі екенін айтамыз. Бәрі біз қалағандай болады. Кедейлерге заң жүргізуіне құқығы жоқ", - дейді фермерлер.

Шаруалардың наразылығы қараша айының соңынан бері жалғасып келеді. Осы уақыттан бастап наразылық білдірушілер Делидің шетіндегі лагерьде тұрады.

Кезекті наразылыққа ұлттық мереке - Республика күні себеп болғаны айтылады. Ашулы топ қала орталығына кіргеннен кейін, билік интернетті өшіруді бұйырған. Үндістанның ішкі істер министрі Амит Шах шаруалардың наразылығы аясында Нью-Делиге қосымша әскер кіргізуді бұйырды.



#үндістан #дели #наразылық #тәртіпсіздік 

скачать dle 12.0
Фото авторы : © Reuters
Тағы да оқыңыздар:
16.11.2020
07.09.2020
25.08.2020
12.08.2020
09.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930