USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Украинада "Олигархтар туралы" заң қабылдануы ықтимал

  • 22.қыркүйек.2021, 10:17,
  • 182

Украинада Президент Владимир Зеленский бай-манаптарға қатысты жаңа Заң жобасын ұсынды.

Алайда әлеуметтік сауалнама кезінде украиналықтардың 75 проценті мұндай заңның қоғамға еш пайдасы жоқ деп көрсеткен. Керісінше мұндай заң халықтың емес, биліктің сұранысын қанағаттандырады деп жауап берген.


Владимир Зеленский ұсынған нөмірі 5599-шы "Олигархтарға қатысты" жаңа заң жобасы – 1 шілдеде жоғары Рада депутаттарына ұсынылып, бірінші оқылымда мақұлданған құжат. Бір қызығы, заңды құжаттың ресми атауы "Қоғамның өміріне экономикалық немесе саяси салмағы бар адамдардың, яғни олигархтардың шамадан тыс әсер етуімен байланысты ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатердің алдын алу" деп белгіленген. Украина саясаты мен экономикасы жайлы аналитика жасап жүрген редактор-маман бұл заңның екі астыртын мақсаты бар,- деп пікір пайымдайды. Ең алдымен, олигархтардың қарамағындағы ірі медиахолдингке мемлекеттік басқаруды енгізу және екіншісі сол арқылы Президент рейтингісін көтеру.


Петр Билян, саяси сарапшы:


– "Олигархтарға қатысты Заң құжатына күмәнмен қараймын, өйткені осы заң арқылы билік 2023 жылдың аяғы немесе 2024 жылдың көктемінде болатын Президенттік сайлауға дайындалып жатқанқа ұқсайды. Президент билігі БАҚ-қа және оны басқарып отырған адамдарға қосымша қадағалау жасағысы келеді. Сондықтан Жоғарғы Рада оны қабылдамауы мүмкін, өйткені келіспеушілік пен қақтығыстар басталды. Омбудсменіміз Людмила Денисова "құжат адам құқығын бұзады",- деп мәлімдеме жасады, сондықтан Заңда күмәнді және басы ашық мәселелер шынымен өте көп".


№5599 заңында олигарх пен бай-манаптар сөзінің мағынасына да шартты жауап беріледі. Және бір қызығы, қатты байлықтың белгісі ретінде "ол адам бұқаралық ақпарат құралдарына иелік етеді",- деп көрсетілген. Олигархтармен күрес Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесіне жүктелмекші. Бұл құрылым сараптай келе, елдегі ірі 13 бизнесменді олигархтар тізіміне енгізуі мүмкін. Олардың арасында, Ринат Ахметов, Петр Порошенко, Игорь Коломойский және Виктор Медведчук сияқты саяси фигуралар бар. Әлеуметтік сауалнама кезінде украиналықтардың 75 проценті мұндай заң құжатының қоғамға пайдасы жоқ деп жауап берген.


"Бай манапты қалай және кім анықтайды, олардың тізімін кімдер жамасақ?" деген сан түрлі сұраққа әлі де тұщымды жауап жоқ. Заң аясында Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі арнайы олигархтар реестрін ашпақшы. Дегенмен бұл реестрге түскен адамның келесі қадамдары нақты жазылмаған.


Заң жобасының және бір қызықты тұсы – мемлекеттік қызметкер осы бай-манаптар реестріне түскен адаммен ара-қатынасы бар болса, ол жайлы да Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі алдында есеп бермекші.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.02.2021
03.02.2020
08.01.2020
23.05.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930