USD 502.6
EUR 589.95
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дебат кезінде Жириновскийдің шалбары түсіп кете жаздады

  • 15.қыркүйек.2021, 16:22,
  • 244

РФ Либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің ТВЦ арнасындағы сайлау алдындағы теледебат кезінде дамбалы түсіп кетіп, ышқырын ұстап тұрып сөйлеуге мәжбүр болды.

Саясаткер түскен дамбалын дер кезінде ұстап үлегеріп, сөзін ары қарай жалғастыра берді. Осы уақытта Жириновский коммунистердің аты-жөнін жіпке тізгендей қылып айтып жатыр еді. Оның айтуынша, Владимир Путин, Михаил Мишустин, бүкіл үкімет пен барлық губернаторлар коммунист көрінеді.


Желі қолданушылары бұл жайтты бірден іліп әкетті. Бірі саясаткердің реакциясын жоғары бағаласа, тағы бірі: "Ең бастысы - абыройды сақтау", - деп жазды. Ал тағы біреулері саясаткердің қартайып, шалбарының түймесін салуды ұмытып кеткенін айтыпты.


Бұл ретте ЛДП көшбасшысының баспасөз хатшысы Александр Дюпин URA.RU-ға берген сұқбатында бұл фактіні жоққа шығарды.


"Бөлек белдік сырғып кетті, оған екі дыбыс зорайтқыш бекітілген. Дыбыс инженері техниканы дұрыс тақпаған. Владимир Вольфович оны жай ғана жөндеді. Шалбары түскен жоқ", - деді ол.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.06.2021
25.05.2021
19.04.2021
24.07.2020
02.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031