USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

АҚШ-тың бірінші ханымы туралы не білеміз?

  • 21.қантар.2021, 17:25,
  • 257

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденнің жары Джилл Байден елдегі бірінші ханым болды. Tengrinews.kz тілшісі оның өміріндегі қызық деректерді ұсынады.

Джилл Байден 1951 жылдың 3 маусымында Нью-Джерси штатының Хаммонтон қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келді. Банкир әкесінің бабалары италиялықтар, ал анасы үй шаруасындағы әйел болған. Джилл өз карьерасын жасағысы келіп, 15 жасында даяшы болып жұмыс істей бастаған.

Мектептен кейін Делавэр университетінің ағылшын тілі бөліміне түскен. 19 жасында футболшы Билл Стивенсонға тұрмысқа шыққан. Алайда олар 1974 жылы ажырасады. Бір жылдан кейін досы Фрэнк Байден Джилді бауыры Джомен таныстырады.

Джо Байденмен танысуы

1975 жылы Джилл жас сенатор Джо Байденмен кездеседі. Джо қыздан 9 жасқа үлкен және ол кезде карьерасында жетістікке жеткен еді. Осы кездесуден кейін Джилл анасына қоңырау шалып: "Маған нағыз жігіт жолықты" деп айтқан.

Олар танысқаннан төрт жыл бұрын Джо Байден жол апатында әйелі мен бір жасар қызынан айырылып қалады. Байденнің үш жасар ұлы Бо мен екі жасар ұлы Хантер ауыр жарақат алады. 

Джо Джилге тұрмысқа шығуға бес рет ұсыныс айтқан. 1977 жылы Джо мен Джилл үйленеді. Ал 1981 жылы қызы Эшли дүниеге келеді.

"Джилл қайтып толық отбасы бола алатынымды түсінуге көмектесті", - деп жазды Джо Байден мемуарында.

"Оқыту - мен айналысатын нәрсе емес, ол менің өзім"

Джилл карьерасын Уилмингтонда мұғалімнің орнын алмастырушы болып бастаған. Кейін жыл бойы Уилмингтонда Әулие Марк мектебінде ағылшын тілінен сабақ берді. Шамамен осы уақытта ол Джо Байденнің сенаторлық кеңсесінде жұмыс істеді. Штаттың оңтүстігіндегі аудандарға барып, ақпарат таратып, үгіт-насихат жұмыстарымен айналысты.

Жалпы алғанда мемлекеттік орта мектептерде 13 жыл мұғалім болған.

Джилл Байден Ақ үйде тұрса да, толық жұмыс күн режимін жалғастыруды уәде етті. Айта кету керек, қазір АҚШ-тың бірінші ханымы қоғамдық колледжде ағылшын тілінен сабақ береді. Оның білім саласында магистрдің екі дәрежесі мен докторлық дәрежесі бар. 

Байден Барак Обама кезінде (АҚШ-тың бұрынғы президенті) вице-президент болғанда Джилл Вашингтон маңындағы колледжде мұғалім қызметін жалғастырды. Тарихта алғаш рет вице-президенттің әйелі жұмысы мен елдегі екінші ханым ролін атқарды. Сол үшін оны Ақ үйде "доктор Джилл Байден" деп атайды.

Саясаттағы орны

Джилл Ирак соғысына қарсы болса да, күйеуінің 2004 жылғы президент сайлауына кандидатурасын ұсынғанын қаламады. Сол себепті осы мәселе талқыланып жатқан маңызды кездесуге суға түсуге арналған киімді киіп, ішіне "жоқ" деген сөз жазып келді. Алайда кіші Джордж Буш президент болып қайта сайланғаннан кейін, ол күйеуін қайтадан президенттікке үміткер болуға үгіттеді.

Джо Байден 2012 жылғы президент сайлауында вице-президенттікке үміткер болған кезде Джилл өте қарапайым роль атқарды. Ол өзінің оқу дәрістерін тоқтатпады және сайлау науқаны кезінде тек бірнеше рет сөз сөйледі. Бұл оған саясат және көпшілік алдында сөйлеу ұнамайтынын көрсетеді. 

Бұл жолы Джилл жұбайының президенттікке сайлану науқанында неғұрлым белсенді болды. Ол тіпті сайлау жарысы алдында көмектесу үшін жұмыс орнынан бір семестрге демалыс алған. Джилл Айова штатында бірнеше ашық жиындарға қатысып сөз сөйледі. Сонымен қатар, сайлаушылармен байланыс орнатуға дайын екенін көрсетіп, өзінің электрон поштасын сұрақ қойғысы келгендерге таратты.

Джилл Байден Камала Харрис тағайындалған вице-президент кандидатурасын сайлау процесіне де белсенді қатысты.


Джилл Барбара Буш бірінші ханым болған уақыттан бері АҚШ-тың екінші және бірінші ханымы болды, сондай-ақ ел тарихында алғаш рет бірінші ханым лауазымындағы италия-америкалық ханым болды.



#байден #біріншіханым #ақш #президент 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.11.2020
07.11.2020
08.11.2020
21.10.2020
24.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930