USD 486.2
EUR 557.82
RUB 6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркіменстанда бір тәулікте жүздеген адам коронавирустан қайтыс болып жатыр

  • 14.қыркүйек.2021, 11:37,
  • 147

Ашғабад мәйітханасына күн сайын коронавирустан қайтыс болған жүздеген адамның сүйегі жеткізіліп жатыр.

Ақпаратқа қарағанда, 10 қыркүйекте қаланың Чоганлы ауданындағы мәйітханаға 300-ге жуық адамның денесі жеткізілген.


Жергілікті тұрғындар мазарларда мәйітті жерлеу үшін жер қазуға адамдар жетіспей, экскаваторлар қазып жатқанын айтады. Олардың сөзінше, коронавирустан үйінде қайтыс болғандар бірден жерленіп жатыр. Жаназасына да ешкім қатыстырылмайды.


Тілшілердің айтуынша, коронавирусты анықтау тесті өлкеде COVID-19 вирусының "Дельта" штаммы бар екенін көрсеткен.


Соңғы ақпараттарға қарағанда, Мары облысында мемлекеттік мекемелерде істейтін қызметкерлерге вакцина алмағандарды жұмыстан шығарамыз деп ескерткен.


Биыл ақпан айынан бастап Түркіменстанда COVID-19 вирусына қарсы вакцина алу барлық азаматтарға міндеттелген.


Түркіменстан билігі әлі күнге дейін елде ковид вирусы анықталмады деп келеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.08.2021
23.10.2020
11.10.2020
16.07.2020
18.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031