USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болады?

  • 23.қазан.2020, 10:04,
  • 521

Трамп коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан дайын болатынын айтты.

Бұл туралы Трамп президенттікке үміткер Джо Байденмен пікірталаста айтты.

"Вакцина дайын болып қалды, бірнеше апта ішінде жариялаймыз", - деді Трамп.

Өнімдері мақұлдануы мүмкін вакцина өндірушілердің ішінде Трамп J&J, Moderna және Pfizer деп атады.

Еске салайық, осыған дейін АҚШ-тың Аллергия және инфекция ұлттық институтының басшысы Энтони Фаучи COVID-19 вирусына қарсы вакцина 2021 жылдың қаңтарында жасалатынын айтқан болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың рекорд көрсеткіші тіркелгенін мәлімдеді. Ұйым сайтында жарияланған статистикаға сүйенсек, кейінгі тәулікте (22 қазанда) дүние жүзінде 423 819 науқас тіркелген. Бұған дейінгі рекорд - 17 қазанда 412 889 жағдай болған.




#ақш #екпе #вакцина #трамп #пікірталас #коронавирус 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.08.2020
23.07.2020
23.07.2020
17.03.2020
26.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930