USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресей коронавирусқа қарсы қосымша 4 жаңа вакцина дайындап жатыр

  • 16.августа.2021, 13:06,
  • 232

Ресейлік иммунолог, "КЭГ" келісімшарттық зерттеу компаниясының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакциналардың жасалып жатқаны туралы айтты.

Маманның айтуынша, келесі жылдың көктеміне дейін төрт жаңа вакцина тіркелуі тиіс.


"Менің ойымша, олар "дельта", "дельта плюс" штаммдарына қарсы қолданыс үшін айналымға шығарылады", - дейді иммунолог Ura.ru басылымына.


Оның айтуынша, тура осылардың ауруға қарсы күші мықты. Крючков коронавирустың "дельта" нұсқасы өз ішінде мутациялана беретінін болжады.


"Бәрібір вирустың басты белгілерін ескеріле отырып, вакцина жасала беретін болады", - деп сөзін қорытындылады дәрігер.


Бұған дейін Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко Sputnik V ресейлік вакцинасының коронавирустың дельта штаммына қарсы тиімділігі шамамен 83 пайызды құрайтынын айтқан болатын. Сонымен қатар ол вакцина 95 пайыздан астам жағдайда COVID-19-дың ауыр жағдайынан қорғайтынын атап өтті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.08.2021
29.06.2021
27.12.2020
23.10.2020
01.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031