USD 515.18
EUR 570.66
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Йемен әуежайындағы жарылыс: қаза болғандар саны өсті

  • 31.желтоқсан.2020, 12:02,
  • 445

Оңтүстік Йемендегі Аден әуежайындағы жарылыс кезінде қаза болғандар саны 25-ке жетті. Тағы 110 адам жарақаттанған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Касем Бухейбух айтты, - деп хабарлайды РИА Новости


"Аден әуежайындағы жарылыс кезінде қайтыс болғандар саны 25-ке жетті, 110 адам жарақаттанды", - деді министр. 

Бұған дейін Аден провинциясындағы дереккөз РИА Новости-ге әуежайдағы жарылыс кезінде жарақат алғандар ішінде Йеменнің байланыс министрі Насыр Шариф, Аден губернаторының өкілі Гасан аз-Замики және әл-Мансұр жергілікті түрмесінің директоры Наджи әл-Махри барын айтқан. 


Еске салайық, кеше, 30 желтоқсанда Йемен әуежайында министрлер ұшып келген кезде жарылыс болған еді. Дереккөздің айтуынша, барлық министр Адендегі үкімет сарайына жеткізілген. 

Желтоқсанда Йемен президенті Абду Раббу Мансур Хади 24 министрден тұратын жаңа үкімет тағайындаған болатын. Оның құрамына Йемен оңтүстігінің бөлінуін жақтайтын Оңтүстік Йемен өтпелі кеңесінің бес өкілі кірген. 30 желтоқсанда Эр-Риядтан Аденге жаңа үкімет барған. Аден қазір Йеменнің халықаралық деңгейде мойындалған уақытша астанасы саналады.



#йемен #әуежай #жарылыс #тж #өлім 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.10.2020
30.09.2020
10.08.2020
07.08.2020
06.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930