USD 443.37
EUR 474.49
RUB 4.83
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өзбекстан мектептерінде орамал мен тақия киюге рұқсат етілді

  • 06.қыркүйек.2021, 12:06,
  • 165

Өзбекстанда оқушы қыздарға ақ не ашық түсті орамал тағуға және тақия киюге рұқсат берілді. Білім министрі Шерзод Шерматов бұл шараның мақсаты барлық балаға білім беру деді.

"Көптеген ата-ананың өтінішін ескере отырып, қыздарымызға осы оқу жылынан бастап мектепте ақ немесе ашық түсті ұлттық орамал тағып, тақия киіп жүруге рұқсат етпекпіз", - деді Өзбекстан білім министрі Шерзод Шерматов.


Министрдің сөзінше, қыздарға жағасы ұзын көйлек киюге де рұқсат берілмек. Бірақ Шерматов мұны қандай заңға сүйеніп жүзеге асыратынын айтпады.


Өзбекстан министрлер кабинетінің 2018 жылғы 15 тамыздағы қаулысының ("Мемлекеттік орта мектеп оқушыларын заманауи мектеп формасымен қамтамасыз ету туралы") 7-тармағына сәйкес, оқу орны ішінде оқушылар бас киімінсіз жүруі тиіс.


Кезінде бұл қаулының қабылдануы дін жолын ұстанатын ата-аналардың наразылығын тудырған. Олар орамал таққан қыздарының мектепке кіре алмай қалғанын айтып шағынған. Ол кезде бұған Шерзод Шерматов мынадай жауап қатқан:


Көбі орамал мен хиджаб туралы айтады. Бірақ қазір бұл басты міндет емес. Біздің негізгі міндетіміз – жақсы білім мен тәлім алған ұрпақты өсіру. Адамдардың басы екінші деңгейлі мәселеге қатып отыр.


Осының алдында Азаттықтың Өзбек қызметіне сұхбат берген ата-ананың бірі бірыңғай мектеп формасын талап ету сабақтың үздіксіз тоқтай беруіне әкеліп, білім сапасына теріс әсер етіп отыр деген.


Өзбекстанда жаңа оқу жылы 6 қыркүйекте басталады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.08.2021
14.05.2021
06.05.2021
04.11.2020
06.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031