USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытайлық миллиардер билікті сынағаны үшін 18 жылға сотталды

  • 30.июля.2021, 10:11,
  • 98

Қытайдың Коммунисттер партиясын ашық сынап жүрген миллиардер Сунь Даву 18 жылға түрме жазасына кесіліп, үш млн юань айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Ол топты мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасауға шақыруға, заңсыз бизнес жүргізуге, заңсыз жер басып алуға және араздықты қоздыру баптары бойынша айыпталған.


67 жастағы Сунь – тоғыз мың адам жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы. Ол 2019 жылы 100 миллиондай шошқа өліміне себеп болған шошқа тұмауының масштабын жасырғаны үшін қытай үкіметін ашық сынаған.


Осыдан кейін мемлекет оның жер учаскесін тартып ала бастаған. Reuters хабарлағандай, оның қызметкерлері совхоз ғимараттарының сүрілуіне қарсы шығып, полициямен қақтығыста жарақат алған.


Қытай құқық қорғаушылары Сунь адам құқықтарын қолдағаны үшін жазаға тартылғанын айтады.


Сунь қытай университеттерінде лекция оқып, қайырымдылық істерімен айналысып келген. Аурухана мен мектептер салуды қаржыландырған.

2020 жылы Қытайда жылжымайтын мүлік магнаты, блогер Жэнь Чжицян 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Бейжің соты "Huayuan Real Estate Grouр" мемлекеттік құрылыс компаниясының бұрынғы басшысын "коррупция, парақорлық, мемлекет мүлкін жымқыру, қызмет бабын асыра пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп тапқан.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.05.2021
13.04.2021
09.04.2021
17.06.2020
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930